24Наурыз2019

Бейсенбі, 13 Маусым 2013 06:59

Орталық ұжымы

| Автор: 
   

 

       2

 

 

 Алияров Есенжол Каниевич

 

Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының президенті

 

Саяси ғылымдарының докторы, профессор. Саяси зерттеулер ассоциациясының президенті. 1984-1992 жылдар аралығында Қазақстан ЛКЖО Еңбекшіқазақ райкомының бірінші хатшысы, Алматы обкомының Қазақстан ЛКЖО бірінші хатшысы, Қазақстан Жастар Одағы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет етті. «Қазақстан Республикасының саяси ақпараттық ғаламдану жағдайы», «БАҚ және саясат», «Коктейль молотова. Анатомия казахстанской молодежи» ғылыми еңбектері және 70 шақты ғылыми мақаланың авторы, ҚР Президенті мұрағатымен бірігіп шығарылған «Первые руководители комсомола Казахстана» атты тарихи-биографиялық кітап авторларының бірі, редакциялық алқаның мүшесі. Зерттеулер бағыты: ақпараттық саясат, Қазақстан Республикасының саяси-партиялық жүйесі, этносаралық қатынастар, дінтану және т.б.

 

                      images 1

 

   Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы

 

 вице-президент

 

 Саяси ғылымдар кандидаты. 1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қаз.ССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды. 1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «Отан» партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды. 2006 жылдан «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келеді. Зерттеулер бағыты: Қазақстанның саяси-партиялық жүйесінің дамуы, билік және оппозиция қарым-қатынастарының проблемалары,Қазақстанның сыртқы саясат мәселелері.

 

                        003

      Борбасов Сайын  Молдагалиевич

 эксперт 

 

 

 

Саяси ғылымының  докторы, профессор. 1976 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің тарих  факультетін тамамдап, 1976 жылдан ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысып келеді, Абай атындағы ҚазҰПУ университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, декан болып жұыс істеді. Саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы КАЗПУ университеті теория және қолданбалы политология кафедрасының профессоры. 200-ге жуық ғылыми жұмыстардың авторы. Зерттеулер бағыты: этнополитика, Қазақстан Республикасындағы саяси институттар мен процестер, халықаралық қатынастар проблемалары.

 

                        1

Килыбаева Шұғыла Ерікқазықызы

эксперт

 

 

 

2013 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің саясаттану мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2012 ж. Калифорнияның Санта Барбара Университетінде (University of California Santa Barbara, АҚШ) семестр алмасу бағдарламасы бойынша білім алды. 2011 - 2012 жж. Эрасмус Мундус стипендиясы бойынша Uppsala University (Швеция) бейбітшілік және конфликт мәселелерін зерттеу департаментінде (Department of Peace and Conflict Research) оқыды. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінде саясаттану мамандығы бойынша докторант болып табылады. 2011 жылы Оңтүстік Корея, Ханьян Университетінде (Hanyang University), 2014 жылы Канада, Торонто Университетінде (University of Toronto St. George) ғылыми тағылымдамадан өткен. Зерттеу салалары: салыстырмалы саясаттану, конфликтология, саяси методология.

 

 

 

DSC00881-1

 Нұров Мархабат Мешітбекұлы

эксперт

 

 

 

 

 

2007-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-ң тарих факультеті, аймақтану мамандығын, 2012-2014 жылдары осы оқу орнының магистратура және РhD докторантура институтында дінтану мамандығы бойынша магистратураны бітірген. 2013 жылы Оңтүстік Корея, Чоннам Ұлттық Университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Зерттеу салалары: аймақтану, дінтану, исламтану, қазақ зиялылары. 

 

DSCN9643

Жангужекова Динара Жексенгалиевна 

эксперт

 

 

2008-2012 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «050502-Саясаттану». Мамандану аймағы: «Әлеуметтік білім бакалавры». 

 2012-2014 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «6М050200 – Саясаттану». Мамандану аймағы: «Саясаттану мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі».

 2013 – жазғы семестр бағдарламасы бойынша Hanyang Университетінде (Оңтүстік Корея) ғылыми тағылымдама. Зерттеу бағыты:  Сыртқы саясат: дипломатия, қазақ-үнді қарым-қатынастары, үнді-пакистандық қақтығыс, Таяу Шығыс елдері қақтығыстары. Ішкі саясат: Қазақстан Республикасының аграрлық саясаты, Қазақстан Республикасының білім беру саясаты.

 

 

Бейсенбі, 13 Маусым 2013 06:58

Орталық жөнінде ақпарат

| Автор: 

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы азаматтық белсенділікті арттыру, саясат, экономика және гуманитарлық саладағы өзгерістерді ғылыми-зерттеу және эксперттік жұмыстармен қолдау арқылы Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мақсатымен құрылды.

 

Қызмет түрі:

 

1. Ғылыми-зерттеу қызметі: қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша эксперттік баға беруді ұйымдастыру, саяси және әлеуметтік-экономикалық конъюнктура бойынша стратегиялық және оперативті сараптама жүргізу, қоғамдық-саяси және экономикалық процестердің қауіптерін айқындау және оларды болжау.

2. Консалтинг қызметі: мүдделі заңды және физикалық тұлғаларға ақпараттық-сараптамалық қызмет көрсету, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық құрылымдардың дамуы үшін мақсатты бағдарламалар дайындау.

3. Қоғамдық-бастамашыл қызмет: гуманитарлық-саяси конъюнктура саласындағы жобалар, концепциялар және бастамаларды дайындау және оларды қолдау, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғалымдар, эксперттер, кәсіпкерлер мен қоғамдық қайраткерлердің жігерін біріктіруге жан-жақты үлес қосу.

4. Ғылыми-ағарту қызметі: гуманитарлық-саяси білім берудің дамуына жан-жақты атсалысу; Қазақстан дамуының маңызды мәселелерін талқылау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, лекциялар мен басқа да шараларды өткізу; гуманитарлық-саяси бағыттағы кітаптар, кітапшалар, бюллетендер, тематикалық жинақтарды шығару, мақалалар және басқа да материалдарды жариялау.

5. Қайырымдылық қызметі: гуманитарлық-саяси саладағы жас мамандарға методикалық, ақпараттық және қаржылай қолдау көрсету; қоғамдық маңызы бар зерттеулерді жүргізу үшін ресурстар мен қаражатты тарту мен жинау.

6. PR-технологиялар: саяси жарнама, әлеуметтік және маркетингтік коммуникациялар саласындағы саяси технологиялар комплексі, соның ішінде мемлекеттік билік, қоғамдық-саяси ұйымдар мен бизнес-құрылымдар мүддесіне сай аймақтық және ұлттық масштабтағы коммуникациялық жобаларды дайындау және іске асыру; дағдарысты жағдай кезінде қоғамдық ұйымдар, БАҚ, экономикалық және мемлекеттік құрылымдармен тиімді өзара қатынас орнатуды ұйымдастыру; имиджді қалыптастыру, қоғаммен ішкі корпоративті байланысты нығайту, сайлауалды процесінің толық пакетін дайындау.

 

Біздің мекен-жайымыз:


Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 68/74.

тел: +7 (727) 375  88 18 / +7 (727) 375 77 55 

E-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс."> gpcenter2007@gmail.com