24Наурыз2019

Қазіргі кезде Астана және Алматы қалалары көшелерінде алдыңғы терезелеріне әртүрлі елдің жалаушаларын орнатып алған автокөліктер кездеседі. Алматыда көбінесе ұйғыр бауырлар «өз жалаушаларын» автокөліктеріне тағып алады. Өз жалаушалары деп отырғаным карта бетінде жоқ «Шығыс Түркістанның» туы.

Толығырақ ...

Кеше Алматыда тәуелсіз саяси-зерттеу институттарының ғалымдары бас қосты. Конференцияның тақырыбы «Этникааралық өзара қатынастар мен қазіргі Қазақстанның этносаясатындағы ресурстық фактор» деп аталды. Қазір әлемде ұлтаралық жанжалдардан сақтанбайтын мемлекет кемде-кем.

Толығырақ ...

Желдің өтіне, сайдың аузына орналасқан осы ауылдың ойраны шығып құлазыған бейнесін көру өте ауыр болды. Тіпті жаңа салынып жатқан үйлер мен елдің қыбыр-жыбыры болмағанда бейне оба жайлаған ескі жұрттай сүркейлі көрінеді екен. Біз барғанда дәл бір қазалы ауылдың қайғы-зарындай сүйектен өтерлік суық боран азынап тұрды.

Толығырақ ...

Шетелде - елші, елінде - турист болып кеткен Олжас Сүлейменовтың "қалың  қазаққа сөзі өтеді" дегенді кім ойлап тапқанын білмейміз, алайда сұхбатты алушылар ағамызды "ашыла сайратыпты". Кеңес одағының күйреуіне бір күңіреніп, бір күрсініп, кеңесек данышпанымыз дүдәмал доктрина төңірегінде болып жатқан ұлттық күреске, оны бастаған ұлтшыл азаматтарға қатысты біраз сөз айтыпты.

Толығырақ ...

Қазақ хандығы алғаш өзi жеке шаңырақ көтерген 1456-1457 жылдардан бастап қазақтың ру, тайпаларын тұратын жерлерiне қарай үш ордаға бөлiп басқару жүйесiн құра бастайды. Мiне, осы кезеңдерден басталып, қазақ мемлекетiнiң өзiндiк шекарасы, үш орданың қысқы қонысы, жаз жайлауы хан, сұлтандар мен билердiң шешiмдерi арқылы белгiленiп келе-келе ол қоныстар тұрақты болып қалған-ды.

Толығырақ ...


Былай қарасаңыз, мұсылман татарлар да, шоқынған татарлар да – бiр ұлт. Татар ұлты. Бiрақ, мұсылман татарлар мен шоқынған татарлардың бiр-бiрiне деген қарым-қатынасын көрсеңiз, екеуiн бiр ұлт деп айта алмайсыз. Ит пен мысықтай. Ортақ мәселеге, ортақ көзқарасқа келу былай тұрсын, тiптi бiр-бiрiне аман-сәлемiн қимайды.

Толығырақ ...


Көпжасар НҰРҒАЗЫҰЛЫ, Франциядағы «Мұстафа Шоқай атындағы француз-қазақ достық қоғамының» президенті: - Мұстафа Шоқай - қазақ ұлтының жарқ етіп туған жұлдызы. Елінің тілегі де, тірегі де болған алаш азаматы. Туған өлкеден жырақта жүрсе де, жаны, жүрегі «қазақ» деп соққан ұлт мақтанышы. Ал Мұстафа Шоқай өмірінің көп кезеңі Францияда өткені белгілі.

Толығырақ ...


1 бет. Барлығы: 2