24Март2019

23 Сентябрь 2013 Автор 

Пікір алмасу алаңы: Кәсіподақтардың бүгіні мен жаңа заман талаптары

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы 2013  жылдың 24 қыркүйек күні сағат 15.00-де, «Кең дала» бизес- орталығында (Достық даңғылы 38, Қарасай Батыр көш. қиылысы  мекен-жайында)«Кәсіподақтардың бүгіні мен жаңа заман талаптары» тақырыбына пікір алмасу алаңын өткізеді.

Қазіргі таңда кәсіподақтардың іс-әрекеті мен тиімділігі өзекті  және қоғамдағы көп талқыланатын мәселе болып отыр.  Экономикадағы жүйелі қайта жаңартулар мен мемлекеттің жаңа  әлеуметтік саясатын жүзеге асыру жағдайында кәсіподақтар  азаматтарды әлеуметтік қорғаудың ықпалды институттарының бірі  ретінде қарастырылуда. Бірақ бүгінгі қоғамда кәсіподақтарға деген  қатынас немқұрайлы деп айтуға болады. Көп жағдайларда  жұмысшылар тіпті олардың қызметі туралы хабарсыз. Сондықтан  кәсіподақтар жұмысының жаңа жүйелері мен тетіктерін  құрудың қажеттігі туындағаны анық. Дегенмен, осы мақсаттың  жүзеге асырылуы тек кәсіподақ қозғалысының айқын кемшіліктерін  жою арқылы мүмкін болады. Кәсіподақтардың рөлін арттыру қажет.  Олар мемлекеттік билік органдары мен жұмыс берушілердің шынайы  әлеуметтік әріптестеріне айналуы тиіс. Бүгінгі күні кәсіподақтарға  жекеше жұмыс істеуге болмайтындығы белгілі, керісінше, олар еңбек даулары мен әлеуметтік мәселелерді шешуде жауапты болуы керек. Әрине, еңбек жанжалдарын шешу тек кәсіподақтардың құзырында емес. Сол себепті қазіргі таңда өзара пікір алмасу кеңістігін арттыру қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанда үш кәсіподақтық орталық, кең көлемдегі кәсіподақтардың майда ұйымдары қызмет істейді және жалдамалы жұмысшылардың тек үштен бірі ғана олардың мүшесі болып табылады.

Сонымен қатар, құқықтық нигилизм етек жаюда. Еңбек даулары барысында екі тарап та қалай пікір алмасуды, келісімге келуді, белгілі бір мәселелердің шешілу жолдарын білмейді. Қарым-қатынастарында әрдайым келіспеушілік пайда болатын еңбектік ұжымдарда кәсіподақтардың рөлдері әсіресе маңызды болып отыр. Көптеген жағдайларда кәсіподақтар толығымен кәсіпорын басшыларына тәуелді болады. Қазіргі таңда әлеуметтік шиеленістің қоғамда өсуі байқалуда. Олардың негізгі себебіне еңбек жанжалдары жатады. Көптеген жағдайларда осы секілді даулардың алдын алуда кәсіподақтардың жұмысы байқалмады. БАҚ-та кәсіподақтарға қатысты жағымсыз және сенбеушілік көзқарас байқалды.

Жанаөзендегі оқиғалар мен соның артынша елдің ірі еңбек ұжымдарындағы наразы көңіл-күйлердің артуы Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының жетілдіру қажеттігін қарқынды талқылауға алып келді.

Кәсіподақтар бүгінгі күні тек қана коммерциялық қызметпен айналысады деген пікір қалыптасты. Олардың қатарына белгілі бір демалу мен емделу орталықтарына жолдамаларды бөлу жатады. Негізінен кәсіподақтардың еншілігінде көптеген инфрақұрылым бар: қонақүйлер, санаторилер, т.б. Осыдан сұрақ туындайды: кәсіподақтардың қаржы ағындарын бақылау қалай жүзеге асырылуда?

Сонымен қатар, ҚР кәсіподақтарының федерациясы өткен жылы Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына (ХКК)кіруге өтініш жасады. Өтініш әлемдік кәсіподақтық қауымдастықта әркелкі реакцияға тап болды. Олардың тарапынан біздің кәсіподақтардың қазіргі жағдайына және жалпы олардың қызметтеріне қатаң сын айтылды. Қазақстандағы кәсіподақтардың ең ірі ресми бірлестігі Халықаралық кәсіподақ конфедерациясының қағидаттарына сай келуін анықтау мақсатында арнайы комиссия да келген болатын. Бұл шара жағымды нәтижеге ие болмады. Содан бері не өзгерді, осы саладағы жағдайды жақсартуда қандай шаралар қолға алынды?

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіби одақтар туралы» заңнама жасауы да маңызды сәт болып табылады. Оның қазіргі заңнан қандай айырмашылығы бар, бұрынғы кемшіліктер ескерілді ме және шынайы болашағы қандай? Осы және басқа да өзекті мәселелер пікір алмасу алаңының барысында талқыланады.

Спикер:

  • http://www.sarap.kz/plugins/system/jat3/jat3/base-themes/default/images/bullet.gif); overflow: hidden; background-position: 20px 7px; background-repeat: no-repeat no-repeat;">Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы – Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы

Модератор:

  • http://www.sarap.kz/plugins/system/jat3/jat3/base-themes/default/images/bullet.gif); overflow: hidden; background-position: 20px 7px; background-repeat: no-repeat no-repeat;">Қалжеков Таттимбет Бауыржанович – Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының сарапшысы

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Қатысуыңызды 2013 жылдың 23 қыркүйегіне дейін растап, хабар беруіңізді сұраймыз. тел/факс: +7(727)3758818, 8 7781172363 немесе электрондық поштаға Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра."> Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.



sarap.kz

Барлық құқықтар қорғалған. Толық немесе жартылай материалдарды пайдаланған жағдайда www.sarap.kzсайтына және мақаланың авторына сілтеме жасау міндетті.