Шәкәрім және Ғұмар: дінтанулық компаративистикалық дискурс
Қазақ елінің және мемлекетінің қазіргі кездегі қалыптасып жетілуі өте күрделі геосаяси жағдайларда жүзеге асырылуда. Әлемнің алдыңғы қатарлы көптеген елдері біздің дамуымызға, қалыптасуымызға, алға қарай жылжуымызға көз тігуде. Егер біреулері қуаныш пен ризашлықпен қарайтын болса, ал енді біреулері қызғанышпен салқын пиғылмен қарап отыр. Әрине, мемлекетіміздің болашағы жастар. Олардың дүниетанымы, құндылықтар әлемі, рухани болмысы, наным-сенімі еліміздің болашағының айқын үміті болып саналады.