Шәкәрім және Ғұмар: дінтанулық компаративистикалық дискурс » Казахстанский центр гуманитарно-политической конъюнктуры
Приёмная:
+7(727) 375-77-55
Эксперты:
+7(727) 375-88-18
Версия для
слабовидящих
» » Шәкәрім және Ғұмар: дінтанулық компаративистикалық дискурс
15
July
2015

Шәкәрім және Ғұмар: дінтанулық компаративистикалық дискурс

Қазақ елінің және мемлекетінің қазіргі кездегі қалыптасып жетілуі өте күрделі геосаяси жағдайларда жүзеге асырылуда. Әлемнің алдыңғы қатарлы көптеген елдері біздің дамуымызға, қалыптасуымызға, алға қарай жылжуымызға көз тігуде. Егер біреулері қуаныш пен ризашлықпен қарайтын болса, ал енді біреулері қызғанышпен салқын пиғылмен қарап отыр. Әрине, мемлекетіміздің болашағы жастар. Олардың дүниетанымы, құндылықтар әлемі, рухани болмысы, наным-сенімі еліміздің болашағының айқын үміті болып саналады. Осы бағыттан алғанда, қазақ елінің қазіргі қалыптасып дамуы, осыдан бір ғасыр бұрыңғы тарихи жағдайлармен өте көп ұқсастықтарға ие. Ол кезде де қазақ зиялылары Ресей империясының рухани езгісінде болған, туған халқын еркіндікке, бостандыққа, тәуелсіз ел болуға шақырды. Бұл мақсаттың басты кілті ретінде олар рухани-бостандықты беліглеп, ата дінімізді ислам діні терең игеріп, ондағы құндылықтарды, имандылықты жүзеге асыру үшін қайта жаңғырту қажеттіктерін алға тартты. Бұл бағытта орасаң еңбек еткен қазақ зиялыларының алдыңғы қатарында Абайдың шәкірттері – Шәкәрім, М.Ж.Көпеев, Ғұмар Қараш болды. Егерде ол кездегі рухани жағдайлаға тоқталатын болсақ, жалпы алғанда XX-шы ғасыр басындағы Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында жәдидшілдік өріс алған қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс болатын. Ағартушылық сипатта жүрген жәдидшілдік қозғалыс қоғамдық өмірдегі рухани тоқыраушылықты сынға алып, оны жаңғыртуды көздеп,  патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталды. Қазақ зиялылары өз көзқарастарында қоғамдағы тоқыраудың себеп-салдары мен оның мәнін ашу жақтары, қоғам өмір-тіршілігінің жан-жақты тұстарын сынға ала отырып, осы жағдайды реттеу бағытында келелі пікірлер айтты. Сол пікірлерді айқынырақ жан-жақты сараптаушы заманының алдыңғы қатарлы тұлғалары болып есептелетін Шәкәрім мен Ғұмар Қараштың діни дүниетаным туралы және сол кездегі діннің қоғамдағы орны туралы, қоғамдық сананы трансформациялау туралы ойларын салыстырмалық талдауды жөн көріп отырмыз. Себебі, біздің ойымызша, қазіргі зайырлы мемлекет құрып жатқан қазақ елі үшін қолданбалы маңызға ие ой маржандарын бұл ғұламалардың көзқарастарынан көре аламыз. 
Нақтырақ тоқталатын болсақ, Шәкәрім, Ғұмар Қараш сынды тұлғалар өз заманында қоғамға жаңаша ойлау үрдісін ұсына білді және руханият арнасында елеулі пікірлер мен көзқарастарын қалдырды, бүгінгі тілмен айтқанда ислам дінінің зайырлы ұстанымын негіздеушілер болды деп те айтуымызға болады. Ендеше, қазіргі кездегі әртүрлі жат бағыттағы діни түсініктер қоғамымызда белең алып келе жатқан шақта, олардың алдын-алу шаралары жүйелі түрде қолға алынып отырған кезеңде, жоғарыда аталған ойшылдардың байсалды ұстанымын ашып көрсетіп, оның ішкі мәнінен жетіп, зиялылар танымындағы ой сарынын салыстырмалы талдап, оны қоғам талқысына ұсыну мәселелері зерттеуге зәру бағыт.Қазіргі жаһандану заманында рухани бірлік идеясы ерекше маңызға ие болып отырған кезде, еліміздің ислам дініне қайта бетбұрыс дәуірі басталғанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының діни дүниетанымын зерттеп, оның оңды, тиімді, құнды жақтарын игеру, қазіргі жас ұрпақтың рухани әлеміне баға жетпес құндылық болар еді.
Өз еңбектерінде біз зерттеп отырған ғұламалар діни білімдердің маңыздылығын жан-жақты меңгере отырып, өз танымдарында қоғамдық санаға, халықтың рухани әлеміне серпінді қозғалыстар әкелген болатын. Сондықтан, ойшылдардың осы мәселедегі діни танымға қатысты пікірлерінің қазіргі заман үшін маңыздылығы артқан шақта, біз қазіргі заман мәселелерінің кейбір жақтарын шешуге, олардың жетістіктерін тиімді қолдана білген жөн деп есептейміз. Себебі, әлемдік мәдениетте қалыптасқан ойлар бойынша, танымның ең жоғарғы сатысы діни танымда көмкерілген. Діни құндылықтар сенімді қалыптастырудың сара жолы. Осы ойларға байланысты әрбір ұлттың дініне қарай қалыптасқан танымы бар деп айтуға болады, ал енді танымына қарай иманы қалыптасады, иманына қарай тілі, ділі, менталитеті қалыптасады. Тіліне қарай әрбір ұлттың әдет-ғұрпы, дәстүрі, тұрмыс-салты, өзіндік ойлау жүйесі дүниеге келеді. Осы бағыттан алғанда,   біз көңіл аудары отырған дана-ойшылдардың танымы қолданбалы маңызға ие. Жалпы дін мәселесін қарастырғанда, барша дінге ортақ ол ақиқатты тану болса, онда осы аққиқатты тану жолы да, бір дінмен, немесе бір ғана данышпанның пікірімен шектеле алMayтындығы аксиома. Дін көп болғандықтан оның танымның арналары да көп. Осының дәлелі ретінде Шәкәрім ойлары біздің жоғарғы айтқан бағытынымызды қолдап береді. Осы мәселеде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз заманында осы мәселелердің тамырына тереңдей бойлап зерттеген ойшыл. Сондықтанда ол:
Жердің жүзін дәл тауып,
Ешбір дін жоқ орныққан.
Бәрінде де бар хауіп,
Дін көбейді сондықтан.
Сол көп дінде шешу бар,
Сол шешудің арты бар.
Адасқанға кешу бар.
Кешудің де шарты бар [1, 264б], - деп осылайша үн қатқан болатын. Әрине, Жаратушыны және оның жаратқан нәрселерін танудың жалғыз, дара жолы жоқ. Жалпы ғылым туралы мәселе қозғағанда, біз міндетті түрде дін және таным мәселесіне тоқталMay кетпейміз. Ойшылдар осы төңіректе діни сенім мен танымның ара жігін аша білген. Шәкәрім болса халқына барлық дінде қауіп барын ескертеді, себебі жердің бетін дәл тауып орныққан ешқандай діннің жоқ екендігін өлеңінде баса айтып отырып, діни фанатизмге қарсы ойлар айтқан. Сол көп діннің өзінде шешу барын айтады. Шешуді табуға ұмтылатын адам болып отырғаны анық. Сондықтанда шындықты тануда адам кейде адасуы да мүмкін. Бұл қалыпты жағдай біздіңше, сол адасқан адамдарға кешу бар, сол кешудің де шарты барын айтып отыр. Яғни сол уақыттың өзінде діни таным мәселесінде болған проблемалар қазіргі таңда да жиі кездесуде. Оның негізгі шешімі ойшыл ғылым мен білімнің дұрыс бағытпен жүруінде деп ойлаймыз. Қазіргі кезеңдегі маңызды мәселелердің бірі дәл осы жағдай әлемдік қауымдастыққа ортақ құбылыс. 
Айтылған мәселелер туралы салыстармалы талдау жасайтын болсақ, өзіндік ерекшелікке толы осы бағыттағы өз заманының ірі тұлғасы Ғұмар Қараш дүниетанымына көз жүгірткен жөн. Осы турасында ол: «Надандық, қараңғылық, жалқаулық кесірінен дініміз де құлдырап кетті. Дінімізді де дұрыс ұстай алMay, дүниеде діннен айырылып қалу қаупіне жеттік. Демек, дінімізді қалай қалпына келтіреміз, қалай дамытамыз? Бұл жайында әр түрлі көзқарас бар. Біреулері өнер, білім арқылы жетілдірейік десе, біреулер дінді өзгерту керек дейді. Қорыта айтқанда, ежелгі ислам діні жолын дұрыс ұстай білуіміз керек [2, 178б], – деп қазақ қоғамына шариғат заңдарын енгізіп, орнықтыру арқылы көшпелі халықты имандылыққа баулуға болады деген ой ұсынады. Діннің көптігі – діннен айырылуға алып келетін қауіптердің бірі болса, Шәкәрім мен Ғұмардың дін көптігі, яғни ағымдардың көптігі мен одан сақтанудың, асыл дініміздің дұрыс ұстаудың жолдары мен адасушылықтың алдын алған ойшылдар дүниетанымы, қазіргі замандағы жариялық пен ашық есік идеяларын арқаланып, егемен елімізге біздің мәдениетіміз бен руханиятымызға жат шет елдерден келіп жатқан диструктивті діни ағымдар мен секталарды тоқтату қажеттігі идеясын алға тартады. 
Өз заманындағы дін қалпы мәселелерін терең баяндаған Шәкәрімнің 1911 жылы Орынборда басылып шыққан «Мұсылмандық шарты» еңбегінде ислам дінінің басты қағидаларын, иман, құлшылық ету негіздерін халыққа түсінікті қылып жазып шығаруды мақсат еткен еңбегінің орны ерекше. Ойшыл бұл еңбегіненде діни наным-сенімді мейлінше халыққа түсінікті тілмен жеткізгендігін көреміз. Ол ең әуелі иманның шарттарына тоқталған. Алла тағаланың барлығына ақылмен ойлап иман келтіруге айрықша мән берген. Өз пікірін Құраннан, ғұламалар пікірінен мысал келтіре отырып дәлелдейді. Сонымен бірге өлеңдерінде де Құранға сүйеніп, пікірін бекіткен. Бұл бағытта жазған «Арақ-ақыл, мастық-ой, жар -хақиқат» атты өленінде: 
«Құранның шын мағынасын шатақ ұғып, 
Молдалар маған коймақ кәпір деп ат.
 «Ақылыңа сынат, -  деп, - дәлел айтқан»
Құраннан табылады талай аят» [3, 38б] - деп Құраннан табылатын көптеген дәлелдердің шын мәнін ұғынуды айтады. Ойшыл осы өлеңін жалғастырып:
«Тәпсір деп қасиетін талқан қылып,
Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.
Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,
Бетіне перде жапсаң неше қабат,
Құран сырын ұға алMay бұзса-дағы, 
ЖасырылMay жарқырап тұр кәрәмат»[3, 38б], - деп, Құранға ерекше баға береді. 
Ал енді Ғұмар дүниетанымына толқалатын болсақ, оны бірқатар мақалаларда ислам дініне қарсы қойғысы келетін сипат танытып, оның кейбір дін өкілдерін сынауын ақынның дінді әшкерелеуі деп түсіндірілді. Шындығына келетін болсақ, Ғұмар еш уақытта ислам діні негізіне, имандылық жолға қарсы шықпаған, қайта оған: «Құран каримнің айтуы бойынша дін жалған нәрсе емес, адамдардың шын табиғи сенімі. Бұған қарағанда ешқандай адам дінсіз өмір сүре алMayды» [4], – деп құрметпен қараған. Немесе: «Ислам қауымындағы бірқатар адамдар нақты, ақиқат дін жолын тұтпай, дінді теріс ұғушылар пікірін малданып, қараңғылыққа, надандыққа қарай бет алды. Біз оларға: «Сіздер құдайдың нақ дұрыс жолына түсуге әрекет етіңіздер, теріс пікірлерге алданған істеріңізден дұрыс қортынды шығарыңыздар» дейміз» [2, 176б]  – деп теріс пікір ұстанып, қателіктерге ұрынудан сақтандырады. Осы орайдағы Шәкәрім, Ғұмар көзқарастарының ислам, иман  негіздері мен оның қайнар көз Құранды дұрыс түсініп, теріс пікірлі дағдарыстан шығуды айтады. Кезінде Е.ЫсMayлов Ғұмардың  ислам діні  туралы көзқарасын:  «Ғұмар қожа, моллаларды, ишандарды батыл, әшкерелеп отырады, бірақ ислам дінінің негізін бекерлемейді. Құранды, пайғамбар жолын дұрыс, бұлжыMayтын қағида деп біледі» [5, 98 п.], – деп әділ бағалаған болатын.
Шәкәрім өз өлеңдерінде Кұранды ұқпай, қате түсіндірген тәпсірші, молда, сопыларды катты сынға алады. Құранда бейнелі түрде айтылғандарды тура мағынасында қабылдаған молда, сопыларды мысқылдайды. «Бейісте бар сұлу жар» атты өленінде: 
«Молдеке-ау олай емес қой, 
Қыз құшып, жеміс жемес қой,
Мысалмен айтқан кеңес қой, 
Тәпсірлеуге миын тар» [3, 59-60б], - деп, Құрандағы бейіс, тозақ туралы жазылғанды тура қабылдаған молдекенді күлкі етеді. Сонымен қатар, мысалдап айтқанды ұқпаған, тәпсірді жетік білмеген сол кездегі білімі таяз молда, сопыларды қатты сынайды. Шәкәрім Құранда баяндалған ақиқаттарды өз өлендерінде мысалға келтіріп отырған. Қасиетті Құранда: «Кейін Біз оны жатырда тұратын тамшы кылдық. Одан кейін тамшыны ұйыған қан жасадық, ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та, сүйектерге ет бітірдік, содан соң Біз оны басқа жанды зат етіп өсірдік» (Құран Кәрім, әл-Мүминун сүресі, 13-14 аят). Ал Ғұмардың діни көзқарасы бойынша, құдай орнатқан заң, ешқандай жаңару идеясын қажет етпейтін қатып қалған қағида емес. Ол шариғат заңдарынан мүлдем бейхабар қалған молдалардың ескішіл көзқарасын айта отырып, жаңа оқу, ғылым, білімді меңгеруді құдай заңы жоққа шығарMayтындығына шек келтірмейді. Сөйтіп, даналар сынға алған молдалар білімсіздігі де қазіргі таңда көрініс табуда. Ғасырдан астам уақыт өтсе де, әрбір тұлға білімділігі, әсіресе дін қайраткері немесе қызметкерінің білімсіздік танытуы қоғамға теріс әсерін тигізетін үрдіс. Себебі, дін ол – халықтың рухани қазынасы болса, ол оны жеткізуші сол қазынаны көркем мінез үстіне орныққан ғылым және білім арқылы ғана сақтай алады. 
Шәкәрімнің  «Иманым» цикілінің құрамына кіретін өлеңі он екі шумақты туындысы жанрлық табиғаты жағынан діни-философиялық лирикаға жатады. Шәкәрім осы өленінің аяғына жетпіс жасымда жазылған деген. Өлеңдегі тірек ұғымдар: жан, тән, иман, ақыл, ғылым, пән, анық, Құран, дін, пән, пайғамбарлар т.б. Метаұғым – дін. Өлеңнің негізгі идеясы - адамзат қоғамындағы иманның орны. Шәкәрімді діндегі «шатақ» жолдардың адамзатты адастырғаны толғандырады. Осы өлеңнің соңында ақын:
«Ғылым деп уды жегізді,
Денесіз зат жоқ дегізді.
Дәлелсіз пәнмен перделеп,
Тапқызбай қойды негізді» [3, 235б], - деп жалған ғылымның у жегізіп отырғандығын айтады. Және де бұл жалған ғылым таза, материалистік түсінікке құрылған. Қандай ғылым болмасын ол материалистік өрісті талап етеді, ол анық нәрсе. Ғылым өзі материалистік өрісте дамиды, иделистік өрісте ол анықталMayды. Бұл ғылым туралы жалпы мәселе. Шәкәрім болса, жалған ілім жасаушы ғылымды айтып отыр. Ол жалған ғылым, өзінше пән құрастырып алған, сонысымен елді адастыруды мақсат еткен.   
Алланы ғылым арқылы тануға ұмтылған Маржани мен Абайдың дәстүрін жалғастырған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ғұмар Қараш ескішілдікпен күрескен дара тұлғалар жаңашылдықты қолдады. Әр түрлі діндердің ішкі құрылымы олардың қоғамдағы бет алысы сол ұлттың данышпандарының дүниетанымына қатынасы мен олардың танымдағы желісінен қандай арнада болғанын аңғарамыз. Бұл зиялылар исламға дейінгі діндермен жете сусындаған және ислам дінін жетік меңгерген. Сондықтанда діни құндылықтар мен даналардың дүниетанымының бірлігі ақиқатты тануға бастар жолда негізгі нысана бола алады. Шәкәрім де, Ғұмар да, өз заманының осындай дана ойшылдары болғаны анық. Олар ақиқатты тану жолында жан бостандығының негізін күйттей отырып, иман жолында берік тұру арқылы неге сенсе де ғылыммен тануды басшылыққа алған. Осы үрдісті халқына ұсынған. Осы жолда даналар ұстанған бағытының халық үшін атқаратын қызметі мол. Ойшылдар ұстанған дініне жай сенумен ғана шектелмеген, оны ғылым арқылы тануға ұмтылған. Демек, Құран кәрім, Мұхаммед пайғамбардың хадистерін өте жетік меңгерген Ғұмар Қараш ғылымсыз қандай да болмасын мемлекеттің өркениетке жетуі, күмәнді екеніне көз жеткізеді. Ислам дінінің жоғары ғылыми дәрежесі ахон атағын иеленген Ғұмар дінді ғылыммен байланыстыруға ұмтылып: «Ғылымда адамның мінезі, түсінігі туралы айтылады. Бұл мәселелер діни тұрғыда қаралса да, бір-біріне қайшы келмейді» [5, 215 п.], – деп ислам діні мен ғылым біріксе, оның ықпалы күшейіп ұлттық қоғамның дамуы үшін үлкен күшке айналады деп есептеген.
Өз заманында ойшылдар қоғамдағы әділетсіздікті көріп қиналған. Бізге белгілі ықылым заманнан бері әділдік жайында жазылып жүр. Бірақ оның қоғамда басы бүтін орындалMay келе жатқаны анық. Қай қоғамда болмасын адам өлтіру, тонау және т.б. бірнеше қылмысты істердің барлығыда қоғамда көрініс тауып, бүгінгі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Жасаған қылмысына қарай жазаға тартылып келе жатқан жандардын барыда анық. Заң алдында жауапқа тартылады. Осыдан қоғамда әділдік мәсслесі шешілген деп айта алMayмыз. Енді соның тамырына тереңдеп бойлайық. Пайғамбарлар осы әділдікті қоғамда орнатуға ұмтылған тұлғалар. Ойшылдар дүниетанымында әділдікті екі түрін бөліп қарастырған, біріншіден өзі өмір сүріп отырған қоғамда әділеттілікті орнатуға күш жұмсаса, екіншіден, әрбір адам өз іс-әрекетіне екі өмірде де жауапты деген қағиданы ұстанды. Яғни бұл өмірде заң алдында, о дүниеде жұмақ пен тозақтың тұрғандығын баяндау арқылы, халқын бұл өмірде жақсылық жасауға шақырады. Оған Ғұмар Қараштың «Әділ шеккі» деп аталатын өлеңінде:
Таразы ешбір қатер сақтаMayды,
Қараны бір уақыт та ақтаMayды.
Салмағың қанша тартса соны айтады,
Бірді олай, бірді бұлай жақтаMayды.
Бәріңді болғанынша көрсетіп тұр,
Хан, төре, би екен деп мақтаMayды [2, 130б] – деп жырға қосқан. Әрине, өлім мен өмір, ар мен иман, о дүниедегі жұмақ пеп тозақ бай мен кедейге, хан мен қараға ортақ. Сонда барша жамағатқа ортақ әділдік болып отыр. Сондықтанда болар Шәкәрімнің «қиянатың бар болса иманың жоқ, маған десе, мың жылдай қыл ғибадат» деген өлең жолдарынан адамның ішкі әлеміне баса назар аударып, «ар ілімін» қалыптастырған болатын. Әділетті қоғамды орнатудың қаңқасы ойшылдар дүииетанымында сомдалып, жасалынған. Бірақ ол қай қоғамда болмасын басы бүтін орындалMay келе жатқан келелі мәселенің бірі. Себебі әділетсізділікті қоғамға алып келетін адам. Ал, жиырмасыншы ғасырдың басында осы әділетсіздіктің шарықтау шегіне жеткен кезі болатын. Бұл көріністің сипатын біз XXI ғасырда да көріп жүрміз. Әділеттілік орнаған қоғам әрқашан әр мәртебесін түсірмейді, адам өмірінің құндылығын бағалайды, өзгенің хақысын жемейді, өсімқорлық пен парақорлықтан айығудың арнасына түседі. Мұндай қоғамда көрініс тапқан келеңсіздіктердің шығу себептеріне ойшылдар барынша үңілген. 
Біздіңше, егеменді ел болып қалыптасып, даму стратегиясын анықтаған мемлекет барынша әділеттілік заңдылығын алға қоюы шарт, ал сол уақытта Қазақстан өзге елдің боданында болған елдің қоғамынан қандай әділдікті іздеп отыр. Мәселе осында болып отыр. Ойшылдардың дүниетанымындағы әділдік мәселесіне діни-философиялық тұрғыдан келгеніміз дұрыс секілді. Себебі «адам жүрегіндегі Алла тағала Өзінің мейрімділігімен адамға үнемі ақыл беріп, әрекетін дұрыс жолға бағыттап отырады. Халықта мұны «ұят» деп атайды. Бірақ өкінішке қарай адам өзінің жүрегінің әмірін үнемі тыңдай бермейді. Ол өмірдің түрлі «жылтырағына» алданып, жиі Құдайға қарсы [ұятына қарсы] әрекеттер жасап, оның зардабын тартып отырады» [6, 32б]. Ойшыл-ақындар ұятыңа қарсы келмесең әділдікте болғаның дейді. Ар мен ұятты мықты ұстаған адам иман жолында берік адам. Ойшылдар о дүниеде адамды иманы ғана қорғаштайтындығына кеңінен тоқталған. Сондықтанда бұл өмірде бар ғұмырыңды иман жолында қызмет етуге арна деген келелі ойлар қалдырған. 
Қазіргі таңдағы күн сайын өзгеріп отырған саяси-әлеуметтік, мәдени-ақпараттық, халықаралық және аймақаралық қатынастардың ішіндегі дін мәселесі де өз маңыздылығын жойған емес. Дегенмен, бұл қазақ даласынан шыққан Шәкәрім, Ғұмар Қараш сынды ойшылдардың қылышынан қан тамып тұрған заманында еш нәрседен шімірікпей, сүбелі шығармаларды жазып қалдырған. Осындай дара тұлғалы азаматтардың әрбір шумақтағы ойы мен зерделі шығармаларына жете зер салып, қастерлей алмасақ, бүгінгі егемендікке қол жеткізген ұрпақ тарапынан кеткен кешірілмес қателік болып табылады.
Ойымызды түйіндей келе, келесі қорытындыларды жасағымыз келеді. Біріншіден, даналар дүниетанымының қайнар бастаулары мен рухани нәрлерін ұлттық рухани дәстүрлер, шығыс мәдениеттері мен мұсылмандық философиясын құрайды. Зиялылар енбектерінде ислам діні, кұдайға сену, тануы және қоғамның барлық дерлік салалары жайлы пікірлер ислам қайнар көздері Құран, хадис, шариғаттан бастау алады. Дегенмен, оның діни ағартушылық жаңашылдығы өзінен бұрын және катар өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократиялық үрдіске, өркениетке жетуді насихаттаумен де сипатталады.
Екіншіден, ғылым және мәдениет саласындағы ой-пікірлердің маңыздылығы зиялылар шығармашылығында үлкен орынған ие. Кеңес кезеңінде біз түсінбеушілікпен теріске шығарған қазақ руханиятының зиялылары Шәкәрім, Ғұмарлардың дәл осы ислам мәдениеті мен руханилығы идеяларын жақтады, ақыл мен ғылым адам үшін Жаратушыны ұғынуға жол ашады деп есептеді. Қазіргі діни жағдайдың құбылмалы шағында ислам мәдениеті мен философиясының негіздерін теориялық негізде тереңірек зерттеу, исламның рухани-адамгершілік қуаты мен гуманистік бағытын айқындау ерекше маңызды мәселе екендігі белгілі. Осыны дамыту арқылы ғана рухани жаңғыру, халықтардың өзара түсіністігі мен өзара келісімділігі, толеранттылық басты нәрсе болып саналатын исламның ұстындарына надандық пен кібірлік, зұлымдық пен бүліктің қайшы келетіндігін дәлелдеуге болады. Бүгінгі күні қазақстандық ғалымдарға бұрынғы идеологиялық таңбалардан арылып, қазақ ойшылдарының шығармаларына және оның ғылымға қосқан үлесіне жаңаша көзқараспен қараудың мүмкіндігі туды. Осы бағытта көптеген ғылыми еңбектер қатарының толтырылуы қуантарлық жағдай.
Үшіншіден, қазіргі таңда ерекше мәнге ие болып отырған діни топтар мен бірлестіктердің мәселесі де қозғалады. Экстремистік көңіл-кhouseбіздің елімізде жатжерлік діни ағымдар тарапынан байқалып отырғандығы мәлім. Әсіресе, төзімсіздігімен ерекшеленетін шетелдік түбірге ие кейбір ислам жамағаттарының әсері аңғарылады. Бұл жастар арасына таралып отыр. Атын атап, түсін түстемесек те, жалпы жұртшылыққа белгілі бұл кері ағымдар рухани ізденіс үстіндегі жастардың танымы қалыптаспағанын пайдаланып әрекетін іске асырмақ ниетте. Осының салдары діни білімнің таяздығынан, ата-ана тәрбиесінің немқұрайлылығынан деп ойлаймыз. Бұл тек бірнеше ғана мысал. Оның себеп-салдарын жан-жақты қарастыруға болады. Заңмен дінге қатысты қатаң саясатты бекітіп тастаудың да қаупін ескерсек, біздің мақсатымызда зайырлы қоғамымызда барынша конституциялық құқықтарын сақтай отыра, халықты діни ағарту мәселелеріне көңіл бөліп, оның неғұрлым дұрыстығын қадағаласақ, соғұрлым жақсы нәтижені аларымыз анық.
Қорыта айтқанда, қазақ зиялыларының діни дүниетанымынан шыққан туындылары – шығармашылығының жемістері әлі де зор қолданбалы маңызға ие. Шәкәрім және Ғұмар Қараш та адамдық болмысымен, еліне қадірлі, сыйлы болған, алған атағымен, естіген өз заманындағы нақағымен де, тартқан азабымен де, кешкен зардабымен де төл тарихымызбен, ұлттық руханиятымыздан бүгінде ешкім бөліп жара алMayды, себебі олар халқымен біте қайнасып кеткен ерен тұлғалар. Даналар танымынан біздің аңғаратынымыз қашанда халқының басына қандай күн тусада, рухани жағынан кемелденуге шақырғандығындығына көзіміз жетеді. Себебі рухы зор халықты ешқандай күш басып ала алMayды, оны көшпенді қазақ халқы тарихтың әр кезінде айқын дәлелдеген. Сондықтанда өз заманының кесек тұлғаларының өзін және олардың қыл қаламынан туындаған шығармаларын, сол шығармалардың өзегіне айналған өміршең идеяларын біз және болашақ ұрпақ қастерлей білуі керек.
  Әдебиеттер тізімі:
 1.Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Өлеңдер, дастандар, қара сөздер.– Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
 2.Қараш Ғ. Замана. – Алматы: Ғылым, 1994.  – 240 б.
 3.Шәкәрім. Иманым. – Алматы: «Арыс»баспасы, 2000. – 321 б.
 4.Қараш Ғұмар. Қазақтар хақында //  Шура. – 1911. – №10. – 298-299 б.
 5.Ысмағұлов М. Ғұмар Қарашев. Қолжазба. Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану мұражайы  (БҚОТӨМ),   М.Ш. Ысмағұлов қоры.
 6. Омаров Д. Ұлылар үндестігі.  – Алматы: «Санат», 1999. – 176 б.
Алияров Е.К., саяси ғылымдарының докторы, профессор
Нуров М.М.гуманитарлық ғылымдар магистрі

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив