Орталық Азия қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер және оларды шешу жолдары » Казахстанский центр гуманитарно-политической конъюнктуры
Приёмная:
+7(727) 375-77-55
Эксперты:
+7(727) 375-88-18
Версия для
слабовидящих
» » Орталық Азия қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер және оларды шешу жолдары
22
May
2013

Орталық Азия қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер және оларды шешу жолдары

Қазіргі таңда бұл тек аймақтан тыс мемлекеттер арасында ғана емес, сонымен қатар аймақтағы көршілес елдердің арасында қарым-қатынастар пікір алмасатындай деңгейде емес, оған қоса мемлекеттің ішкі жағдайын ескеріңіз. Шешілмеген түйіткүл проблемалары аса көп, шетелдік мемлекеттердің мүддесі тоғысқан аймақты көре аламыз. Берілген жұмыста Орта Азия аймағына төнген қауіп-қатерлердің себептерін және деңгейін анықтау, шешу жолдары қарастырылады.
                                            Орталық Азия аймағы көптеген сарапшылардың пікірінше өзінің геосаяси орналасуы, табиғат байлықтары, посткеңестік мемлекет ретінде, әлем державаларының және аймақтық көшбасшылардың қызығушылығын тудырады. Дегенмен Орта Азияға байланысты туындаған ерекше назар шектен тыс әсерленгендіутктен, соның нәтижесінде төнетін қауіп-қатерлер  деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда бұл тек аймақтан тыс мемлекеттер арасында ғана емес, сонымен қатар аймақтағы көршілес елдердің арасында қарым-қатынастар пікір алмасатындай деңгейде емес, оған қоса мемлекеттің ішкі жағдайын ескеріңіз. Шешілмеген түйіткүл проблемалары аса көп, шетелдік мемлекеттердің мүддесі тоғысқан аймақты көре аламыз. Берілген жұмыста Орта Азия аймағына төнген қауіп-қатерлердің себептерін және деңгейін анықтау, шешу жолдары қарастырылады.
Орта Азия мәселесін зерттеу көптеген еуропалық, америкалық, ресейлік, жапон, үнді, ғалымдары тарапынан қызығушылығын тудырады. Олар Орта Азияны әр түрлі көзқарас тұрғысынан зерттеген. Мәселен ресейлік зерттеушілер А. Казанцев, Н. Нарекин, И. Д. Зягельская, Богатуров т.с.с. өздерінің еңбектерінде негізінен екі жақты қарым-қатынас тұрғысынан, сонымен қатар Қытайдың Орта Азиядағы әсер ету дәрежесін төмендету мен батыс елдерімен бірдей деңгейдегі қарым-қатынас орнатқысы келетіндігі сипатталады. Алайда бұған ақпараттық, қаржылай ресурстардың жетіспеушілігі байқалады.
Шынайысы Орта Азиядағы проблемалар өздігінен (аймақ мемлекеттері тарапынан) шешіле алMayды дейді Халықаралық Дағдарыстар Орталығының Орталық Азия бойынша жобалар жетекшісі, профессор Д. Тунан. Себеп ретінде ол жеміссіз басқаруды көрсетеді. Қазақстан секілді алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер, кедейшілікте, тұрмыс жағдайынсыз өмір сүреді, толықтай саяси регресс; Қырғызстанда саяси жемқорлық, экономикалық дағдарыс, ұлтшылдықтың өсуі, шетелдік инвестицияның тежелуі; Тәжікстанда Ауғаныстанның оңтүстігімен шекараластатындықтан есірткі мәселесі өткір болып тұр; Түркменстан мен Өзбекстан авторитарлық режимдегі мемлекеттер, соңғысында, ел басшысы ұзақ жылдар бойы басқарғандықтан басшылықтың ауысуына байланысты мирасқорлық жоқ. Шетелдік коммерциялық емес сарапшылардың берген бағасы осыған ұқсас болып келеді. 
Шындығанда келгенде, Орта Азиядағы ішкі жағдай тербеліс жағдайында, ішкі жағдайдағы өзгерістер мемлекеттердің сыртқы саясатына және көршілес елдермен қарым-қатынасына кері әсерін тигізе алады.
Орта Азиядағы мәселелерді ішкі және сыртқы аймақтық деп бөлуге болады. Ішкі аймақтық өзекті мәселелерге трансшекаралық өзендердегі су ресурстары, мемлекеттік шекара, діни экстремизм және терроризм, есірткі тасымалы, еңбек миграциясы секілді өткір проблемалалар күн тәртібінде тұр. Сыртқы аймақтық мәселелер басқа әлемдік не аймақтық державалардың мүдделерінің түйісуі нәтижесінен туындаған, сонымен қатар, діни экстремизм және терроризм, есірткі тасымалы да сыртқыға жатады. Джоан Хопкинс университетінің Орталық Азия және Кавказды зерттеу институтының басшысы, профессор Ф.Старрдың ұсынған «Үлкен Орталық Азия» идеясы бойынша Ауғаныстанды  кіргізу ойластырылған, одан кейін Шыңжаңды, тіптен Пәкістан да қарастырылған. Бұл «Үлкен Таяу Шығыс» идеясының жаңа тұрпаты екені анық. Бұл тарапта Үлкен Орталық Азия арқылы АҚШ өзінің стратегиялық жоспарын орындауды көздейді. АҚШ-тың Орталық Азияны өзінің қарамағында ұстап тұрудың ең тиімді жолы ретінде Ауғаныстан арқылы бақылау, бұл жерде тек қана Ауғаныстан ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығысқа да ыңғайлы буферлік мемлекет болып табылады. Ауғаныстаннан АҚШ әскерінің шығарылуы 2014ж. толығымен аяқталғанмен АҚШ әскері ол жерде тек қана бейбіт, тәртіп бақылау мақсатында қалуын жалғастырады.
Ауғаныстан әлемнің ешқандай мемлекеті мойынсұндыра алмаған жалғыз мемлекет. 1842ж. Ұлыбритания әскері, 1989ж. Кеңес Одағы әскері елден кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде 2014ж. НАТО әскері де осындай қадамға бармақ.
 Орта Азия мемлекетерінің барлығына да ортақ мәселе болып табылатын маңызды мәселенің бірі 2014ж. (ISAF) біріккен әскерінің Ауғаныстаннан шығарылуынан кейін жағдай қалай өрбиді. Әр түрлі деректер бойынша Ауғаныстанда 129 469 әскер бар, олардың ішінде АҚШ әскері барлық әскердің 70 пайызын құрайды. Сонымен қатар АҚШ мәлімдемесі бойынша, бұл тек қана құрама әскерлер, ал АҚШ әскері кезекпен белгілі бір уақыт шеңберінде шығарылады. Әскердің шығарылуы бір жақтан Ауғаныстандағы мәселелерді одан әрі қиындатуы мүмкін, нәтижесінде жағдай одан әрі күрделенеді. Ауғаныстандағы биліктің ауысу кезінде келесі мемлекет басшысы кім болатындығы, оның мемлекеттегі ішкі жағдайды қалай реттей алатындығына тікелей қатысы бар. Ауғаныстандағы жағдайдың ушығуына мемлекеттің ішкі топтары арасындағы қарама-қайшылықтан экстремистік және террористік күштердің одан әрі аймақтарға көршілес Өзбекстан мен Тәжікстан арқылы басқа мемлекеттерге таралуы қауіпі айтарлықтай жоғары.
2014-2020ж. Ауғаныстаннан әскердің толықтай шығарылуы кезеңінен кейін Ресейдегі экономикалық даму тұрақты болмаса, Еуропадағы экономикалық дағдарыстың күшеюі, Қытайдың экономикалық интеграциясын артуына байланысты аймақтағы негізгі басым күшке Қытайдың айнала алуы анық байқала алады. Себебі, Қытайдың қазіргі Орта Азиядағы 2012ж. инвестиция көлемі 250 млрд долларды құрайды, уақыт өте келе ол өзінің өсімін береді. Алдағы жылдары Қытай Орта Азияға инвестициясы әлі де болса артпақ және оның өсімі Қытайды аймақтағы жетекші елге айналдыруы мүмкін. Бұл ретте аймақ үшін талас немесе Қытайдың мүддесінің өсуі жаңа қарама-қайшылықтардың тууына алып келеді, Ресейдің Қазақстан және Қырғызстан секілді мемлекетерімен реинтеграция нәтижесінен Ресей беделі мен әсер ету аймағы әлісіремек.
2014ж. қарай Ауғаныстаннан әскердің шығарылуы Орта Азияның кейбір мемлекетеріне материалдық-экономикалық пайда әкеледі. Ұлыбритания Өзбекстанды транзиттік мемлекет ретінде пайдаланған үшін 700 мың доллар көлемінде техника мен қосалқы бөлшек көлемінде өтем төлейді, сонымен қатар Тәжікстан мемлекетімен екі арадағы транзитке байланысты келісімге қол қойылды.  Бұл ISAF құрамындағы мемлекеттердің басқасы да осы секілді жолдарды пайдалануы мүмкін. Алматыда Иранның ядролық мәселесіне байланысты өткен алтылық кездесуі бекер емес, бұл ретте нақты Қазақстанның  таңдалуы ойластырылған қадам еді, мюнхендік конференцияда АҚШ вице-президенті Джо Байден Египет, Түркменстан секілді мемлекеттерді ұсынған болатын, алайда ЕО сыртқы саясат ведомство басшысы Кэтрин Эштон Қазақстан таңдады, себебі Ауғаныстаннан әскерлердің шығарылуы тек Пәкістан арқылы ғана емес сонымен қатар Орта Азия мемлекеттерін де пайдаланады. Қазақстан да ЕО арнайы мақсаттарына қажеті болатындығын ескерген жөні бар. Өз кезегінде, барлық мемлекеттердің ішінен Ресей Ауғаныстаннан әскердің шығарылуы үлкен қатер төндіреді деп зар қақсауда. Ресей саясаттанушы А. Власовтың айтуынша, Ауғаныстаннан әскердің шығарылуы коалициялық мемлекеттермен байланыста болған мемлекеттерге террористік қозғалыстың тарап кетуінен дейді. ISAF Ауғаныстандағы бас қолбасшыларының бірі генерал Джозеф  Данфорд әскердің шығарылуынан кейін «белгісіз және қатерлі фазаға» өтетінін және халықаралық терроризмнің қайта жанданатынын атайды.[6] Ресей өзінің территориясындағы есірткі тасымалы мен терроризмнің таралуынан қауіптенеді. Орталық Азия қауіпсіздігінде Ауғаныстандағы әскердің шығарылу мәселесі шектен тыс әсерленген, бұл Орта Азияның барлық мемлекеттеріне таралды, екіншіден төнетін қатерді нақты анықтау объективті талдауды қажет етеді. Ауғаныстандағы жағдайдың дамуына байланысты екі негізгі сценарий бар: Ауғаныстан президенті Х. Карзай шетел әскерлерінің шығарылуы елдегі жағдайдың тұрақталуы мен Талибан қозғалысымен екі арадағы келісімге келе алатындығын атайды; екіншіден Ауғаныстаннан әскердің шығарылу мемлекеттің барлық ішкі мәселелерінің бөлісу кезеңі басталады, есірткі тасымалының күрт өсуі мен терроризімнің таралуы - бұлардың барлығы осы мемлекетер негізінен тарап, ары қарай барлық Орта Азия мемлекеттерін шарпу тәуекелі бар. АҚШ-тың қазіргі таңда Өзбекстан мен Түркменстанға назар аударуы артуда, себебі Қазақстан мен Қырғызстан, Тәжікстан өзін Ресейге беті бұрғанын байқатып келеді. Бұл аймақтағы екі түрлі бөлініске ұшыратып әріптестікті одан әрі біршама уақытқа ысырады. Алайда АҚШ-тың Ауғаныстаннан әскерін Пәкістан арқылы шығарылуы экономикалық айтарлықтай тиімді деп есептеледі. Егер де АҚШ Орта Азияны өзінің мүддесіне қажетті аймақ ретінде санаса, Өзбекстанмен қарым-қатынасын жаңа тұрпатқа өзгертеді. Бұл АҚШ-тың Өзбекстандағы жағдайды адам құқықтарының бұзылуына көзін жұмып қарағанынан байқалады. Себебі АҚШ-тың әсер ету аймағы ретінде Таяу Шығыс, Араб түбегі бар болғандықтан бұл аймаққа ерекше назары да болмас. Батыс әлемі, соның ішінде АҚШ Орта Азияны «терра инкогнита» деп біледі, мәселелері сан алуан, қиындығы көп, осындай аймақ Ауғаныстанан АҚШ әскері шығарылғанан кейін түбегейлі өзгеруі мүмкін.
         Ауғаныстаннан әскердің шығарылуына Қытай өзінің алаңдаушылығын білдіруде, Орта Азиядағы Бейжің өзінің аймақтағы инвестицияларын қорғау мақсатында саяси және экономикалық қорғанысын күшейтпек. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиясы үшін шекаралас аймақтарына қауіп төнуі мүмкін жағдайды жоққа шығарMayды. Қытайдың Орта Азиядағы басты мүддесі экономикаға негізделеді. Орта Азиядағы Қазақстан және Түркменстан секілді мемлекеттерге олардың бай табиғи ресурстарын игеруде артықшылықтарға ие болуды қалайды. Қазақстан The presidentі Н. Назарбаев 2013ж. 6 сәуірінде өзінің Қытайға жасаған ресми сапары барысында China Daily-ға берген сұхбатында «Қытаймен қарым-қатынасты күшейту Қазақстан сыртқы саясатының басты басымдығы»- деді. Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасының күшейтуді қалауы бұл кейбір сарапшылардың пікірінше, Ресеймен арадағы қатынастар еліміздің мүддесіне қайшы не келісімге келе алмағанда осындай қадамға баратынан атайды.
         Ауғаныстаннан НАТО әскерінің шығарылуы, әрине, Орта Азияға қауіп-қатерін тигізеді соның нәтижесінде күштер балансы өзгереді. Бұл АҚШ-тың Ауғаныстандағы өзінің «басты міндеттерін» ресми түрде орындауын аяқтауымен тікелей байланысты.
 Ресейдің осы мәселеге алаңдаушылығын білдіруі жақында Өзбекстан президенті И.Каримовпен кездесуінде Ауғаныстанға әскер шығарылғаннан кейін көмек көрсету туралы айтқаны Ресейдің Орта Азия арқылы терроризмнің таралып кетпеуіне мүдделі екендігін байқауға болады. Осы негізде Ресей Орта Азия мемлекеттерін пайдаланбақшы. Барлық жағдай Ауғаныстандағы ішкі саясаттың қалай орнығатынына тікелей байланысты болып табылады ең алдымен, Х. Карзайдың келесі мерзімге сайлана алмауы дегенмен де, ол келесі президенттік мерзімге сайланушы тұлғаны таңдауға лоббистік қызметін атқарады. АҚШ-та осындай жағдай Б. Обаманың президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін жағдай басқаша өрби алады, бірақ та АҚШ-тың сыртқы саясатының өзгеріске ұшыраMay жалғаса беретіндігін атасақ, мәселе басқа сипатқа қарай өзгермейтін секілді. Ауғаныстандағы шиеленіс қазіргі жағдайды қарастыра отырсақ түрлі өзгерістерге алып келеді, соның нәтижесінде біршама қатер төнгендігін жоққа шығара алMayмыз. Қазіргі таңда БАҚ арқылы кең түрде насихатталып жатқандықтан және үш ірі державаның АҚШ, Ресей, Қытай сонымен бірге Үндістан мен Пәкістан мүдделері болғандықтан бұл мәселе көптеген эксперттер мен мамандар тарапынан кең талқылау мен жағдайдың әр түрлі өрбуі қарастырылады. Mainсы Орта Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтау ол мемлекеттердің шекара қызметінің күшейту мен аймақтық ұйымдарды пайдаланудың туындайтын қатерді алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жиынтығынан тұрады. Осы іс-шаралар нақты және жүйеленген болған жағдайда жаңа өзгерістерге жол ашады. Атап өтсек, Ауғаныстаннан әскердің шығарылуы Орта Азия мемлекеттерінің осы мәселе бойынша әріптестік негіздерін арттырады және ортақ туындаған мәселелермен күресудің қажеттілігі туады. Бұл жерде бастысы осы әріптестікке шетелдік державаларды араластыру деңгейін төмендету немесе жеке мемлекеттік мүдде есебінен ойлау қажет. Сондықтан да аталып отырған мәселе көптеген қиыншылықтарды тудыдырып жағдайды одан әрі өршітпек.
           Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы байқалып отырған басты тенденциялардың бірі - мемлекет ішіндегі қауіптің басқа мемлекетке оның аймаққа, аймақтың жаһандық қауіпке айналу қабілеті. Соған сәйкес халықаралық мемлекеттік емес акторлардың рөлі халықаралық қатынастарда өсуде, бұл терроризмді Орталық Азиядағы келесі өзекті мәселе ретінде көрсетеді.[8] Орта Азияның барлық мемлекеттері дерлік ұлттық қауіпсіздігін күшейту және тұрақтандыру үстінде, миграция, есірткі тасымалы, діни экстремизм, ұлттық бірегейлік, сепаратизм секілді көптеген проблемалар туындағандықтан оның орны терроризмен толықтырылды. Яғни мемлекеттің қалыптастырылу үстінде көптеген проблемалармен күресу заңды, бірақ та сарапшылар тарапынан Орталық Азияның жергілікті мамандары тұрғысынан да, шетелдік зерттеушілер тарапынан да, еңбектер әлі де аз. Терроризмнің себептері ретінде экономикалық-әлеуметтік дамудың төмен көрсеткіштері, білім беру, маргинализация және т.б. себептері бар, бұл мәселені кешенді түрде қарастыру қажет сол себептерін анықтау терроризммен күресуге бастама бола алады. Қазақстанда орын алған террористік актілердің өзін алатын болсақ 2000ж. дейін бұл шетелдік азаматтар тарапынан қырғыз, өзбек немесе т.б. тарапынан болса, содан кейінгі кезде Қазақстанның азаматтары болды, осыдан терроризмнің дендеп бара жатқандығын байқай аламыз. Бұл көптеген кешенді мәселелердің шешілмеуінен туады. Орталық Азияда кең тараған террористік ұйымдарға назар аударатын болсақ, олардың қатарына «Өзбекстандағы Ислам Қозғалысы», «Хизб ут-Тахрир аль- Ислами» («Исламды азат ету қозғалысы»), «Ағайынды мұсылмандар»- бұл ұйымдардың бірнеше орталықтары бар және кең түрде қызмет етуге тараған, ал «Әлеуметтік реформалар қоғамы - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанда, «Исламдық Үндеу Қозғалысы», «Азиядағы мұсылман комитеті», «Акрамиттер», «Адолат уюшмаси», «Шығыс Түркістан Ұйымы» және т.б. ұйымдар бар. Бұл ұйымдардың қызмет атқаруына тиым салынғанымен олардың атын өзгертіп немесе басқа заңы әлсіз мемлекеттерде өзінің жұмысын барынша тез қарқынмен жалғастырып жатыр. Соған байланысты бұл ұйымдардың пайда болуы тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Орта Азия мемлекеттеріндегі экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысқан мемлекеттердің қауіпсіздік, бірегейлік, дін секілді маңызды шарттар екінші орынға жылжыды. Бүгінде оның салдарларын анық байқауға болады.
Орта Азиядағы терроризм мәселесіне келген сәтте оның таралуының келесідей түрлері бар:
Ауғаныстан, Пәкістан арқылы Тәжікстан, Өзбекстанға таралып басқа аймақтық мемлекеттерге жетуі, бұндағы ескеретіні олардың исламдық фундаментализм негізінде таралуы орын алады; әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендегі, саяси апатия, ескермеушілік т.б. кешенді мәселелерден туындайтын түп негізі белгісіз терроризм және сонымен күресудің өзі қиын, себебі нақты түрде оның белгілерінің өзі айқындалмаған.
Ал терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі айналымымен күресетін қаншама ұйымдар мемлекеттің ішкі қауіпсіздік органдарынан басқа Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі, ШЫҰ, ТМД қатысушыларының антитерористік ұйымы, БҰҰ есірткі және қылмысты басқаруы ұйымы (UNODC), бұл ұйымдардың барлығы Орталық Азиядағы терроризм, экстремизм, есірткіге қарсы күрес жүргізеді,  дегенмен де олардың барлығы да бұл мәселеге тосқауыл қоя алMay отыр. Main себеп мемлекеттердің өздерінің осыған орай мүддесін білдірмеуі және ресми сипатта ғана қалуы, ал іс жүзінде әрекет ету терроризммен күресті одан әрі жеделдетуші еді. Мемлекеттердің арасындағы институттардың өзара әрекеттестігінің болмауы себебінен бұл жағдай өзінің толық шешімін таппай отыр.
АҚШ Мемлекетік департаментінің 2011ж. баяндамасына назар аударсақ, Орта Азияның барлық мемлекеттерінде террористік актілер орын алған жоғары деңгей Қазақстанда, төменгісі - Түркменстанда болған.[3] Террористік актілердің өсуі олардың қоғамдық орындарда, адамдар көп шоғырланған жерде орын алуының жиілеуі бір ғана Қазақстанда 2011ж. 5 террористік актінің болуы-  бұл қоғамдық жарылыс болып саналады. Осындай жағдайда ұлттық қауіпсіздік органдары, мемлекет, халық ешқандай күштер бұған толықтай даяр еместігін көрсетті. Ал Қырғызстанда террористік актілердің орын алуы да аса жоғары емес дегенмен де қатер бар екендігі байқалады. Ол мемлекеттің жалпы тұрақсыздығы мен соңғы болып өткен контситуциялық өзгерістермен, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Өзбекстандағы экстремистік және террористік актілердің болуы мемлекет тарапынан қатаң бақылауда ұстанады, тіптен 2011ж. Қазақстан азаматын тиым салынған діни әдебиеттер таратқаны және мемлекеттік қауіпсіздікке зияны бар деген айыппен 13 жылға бас бостандығына айыру деген шешімі күшейтілген бақылау орнағандығын байқатады. Тәжікстан мен Түркменстанда бұл өзінің жалғасын тапты.
Осы мәселе сыртқы акторлардың араласуы бойынша АҚШ Мемлекеттік демпартаменті қауіпсіздік саласына бөлетін қаржының көлемін 40 пайызға арттырды. 2012ж. түрлі бағдарламалар бойынша бөлінетін қаржы 21 млн. АҚШ долларын құрады, өткен жылмен салыстырғанда 60 млн-ға өсті делінген хабарландыруда. Ол бойынша қаржы негізінен «трансұлтық қатерлермен күресудегі, оның ішіне терроризм және есірткі саудасы да кіреді құқық қорғау органдарының потенциалын арттыруға» бөлінеді. АҚШ-тың аймақтағы мүддесінің арттыру жолы мен күшейтуге ерекше мән бергендігін байқауға болады. Сонымен қатар аймақтағы төрт мемлекетпен «Терроризммен күрестегі әріптестік бағдарламасы (Antiterrorism Assistance program - ATA) қызмет атқарады, оның құрамына Өзбекстанды қосу жұмыстары жүзега асырылып жатыр. Ендігі кезекте Орта Азияның бес мемлекеті өзінің ішкі аймақтық мәселелерін шешудегі қауқарсыздығын танытқандығын тиімді пайдаланған АҚШ аймақтағы негізгі күштерді бақылауды арттырмақ, әрине бұндағы терррористік күштерді жоюға емес, керісінше өзінің мақсатына пайдаланып алмақ, себебі ондай ұйымдар құрылуда, ең алдымен, мемлекетте іріткі салу мен жеке мемлекеттің мүддесіне сәйкес құрылғандығын білеміз.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстандағы террорзиммен күрес немесе контртерроризм әр түрлі деңгейде орындалып отыр. Mainсы заңнама бойынша арнайы заңдар қабылданған және тиісті өзгерістер енгізген. Бірақ та бұл ретте терроризмге заңнамалалық актілерді енгізуі, тиісті шараларды қабылдау нәтижесінде көлемін азайту айтарлықтай қиын болмақ. Онымен күресудің басты маңызды жолы ретінде идеологиялық және адамдардың санасына әсер ететіндей жұмыстары жүргізу өзектірек.[6] Бұл БАҚ-тың тарапынан қалыптастырылатын көзқарас пен мемлекеттің өмір сүру сапасын жоғарлату мен атқарылатын іс-шараларға тікелей байланысты болып табылады.
З. Бжезинскийдің айтуынша, Ауғаныстан мен Пәкістан террористік ұйымдардың құрылуында КСРО-ны соғысқа араластыру болды және соның нәтижесінде 1980ж. «Әл-Кайда» ұйымы құрылды. Бүгінгі таңдағы Шешенстан және Орталық Азияның маңызды бөлігі мен Кавказ аймағындағы террористік актілердің барлығы НАТО тарапынан қаржыландырылады және қолдау табады, түпкі мақсаты аймақты тұрақсыздандыру және өзінің геосаяси қарсыластары Ресей мен Қытайға өзінің әсерін тигізу. АҚШ ФБР (FBI) өкілі Сибель Эдмондс бұны мойындайды[7]. Яғни терроризм секілді құбылыстың арнайы мақсаттарда пайдаланғандығын байқаса, қарапайым адамдарың бұған ену себебі білімнің жетіспеушілігі мен құндылықты өлшемдегі мәселелердің әркелкілігі себебінен болуы ықтимал. Мәселен, соңғы болған Бостондағы жарылысты немесе Норвегиядағы Брэйвик ісін де алуға болады. Соған сәйкес біз, бұл жерде нақты себептерін анықтау қиынға соғатынын байқай аламыз. Қоғам әркелкі болғандықтан осындай көзқарастары бар немесе оған жақын түрлерін табу аса қиын екендігін көрсе аламыз. Соған сәйкес қазіргі қоғамдағы жағдай түрлі өзгеріске ұшыраған, сондықтан да күресудің жолдарын табу қиындыққа соғады.
Орта Азия аймағы сырттай қарағанда шекаралас мемлекеттер мәдени-тарихи ұқсастықтары аса көп болғанымен шын мәніндегі іштен назар аударсақ жеке ерекшеліктері мен айырмашылықтары аса көп. Соған қарағанда ішкі және сыртқы ұқсастықтар бір-бірінен бөлек болып табылады және айырмашалықтары және олардың айналысатын мәселелері де аса көп, соған байланысты жағдай да қиындай түседі. Соңғы болып жатқан оқиғалар әлемдегі ресурстардың таусылуы, батыстың алпауыт елдерінің пайдалы қазбаларға бай Орта Азияға көз салуын жеделдетуде. Ал мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы бір-бірінен алшақ болғанымен де, кейбір мүдделік маңызы бар жағдайларда түйіспейді. Әлемдік саяси коньюнктура өзгеруде, бірақ та стратегиялық мақсат сол күйде қалуда. Бұл аймақтағы мемлекеттердің интеграциялық бірлестігін бір арнаға біріктіруді қажет етеді. Өкінішке орай оның қызмет атқаруы қазіргі таңда аса төменгі деңгейде. Сондықтан да сыртқы мүдделерді ескерген ішкі мәселелерге көңіл бөлетін интеграциялық құрылымды жандандыру мен мемлекеттер арасындағы амбициялық жарыстарды екінші орынға ысыру орынды.
Қорытынды ретінде, Орта Азиядағы қауіп-қатерлер аймақтық деңгейде геосаяси және табиғи ресурстарына байланысты державалардың назарын өзіне аудартады, бұл назар сарапшылар тарапынан шектен тыс қауіп деңгейінде түсіндіріледі. Бұл жағдайды шешудің ең оңтайлы жолы ретінде қатерлердің өскен деңгейде мемлекеттер бір-бірімен әріпстестігі мен ынтымақтастығы артуына алып келеді немесе аймақ мемлекеттеріне ортақ жауды ойлап табу жағдайға жаңа сипат әкелуі мүмкін.

 
[2]Китай инвестировал в страны Центральной Азии порядка $250 млрд-  http://zonakz.net/articles/53945?mode=default
[3]  Таджикистан согласился предоставить Великобритании транзит для вывода войск из Афганистана  http://ca-news.org/news:1063799/
 [4]   Д. Коснозаров Еуразия ғылыми зерттеу инстиуты «Два в одном»-  http://ru.scribd.com/doc/136648396/ERI-Publications-â„–1-Два-в-Одном
[5] Алексей Власов: Вывод войск из Афганистана после 2014 года приведет к резкому усилению террористической угрозы для всех стран, которые связаны с войсками коалиции
[6] Проблема терроризма может обостриться в регионе после вывода войск из Афганистана - генерал Данфорд- http://www.apsny.ge/2013/conf/136504142.php
[8] ИРИНА ЧЕРНЫХ, РУСТАМ БУРНАШЕВ/ Доклад Центра антитеррористических программ / СЕКЬЮРИТИЗАЦИЯ: МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТЕРРОРИЗМ В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ- http://studies.agentura.ru/centres/cap/internationalterrorism/
       
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив