13
Желтоқсан
2013
ИКҰ – Ислам әлемін біріктіруші ұйым
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрылымдық жүйесі қалыптасқан, іргелі халықаралық ұйым деп айтуға болады. Қазақстанның аталған ұйымға мүше болуына белгілі дипломат марқұм Болатхан Тайжан ағамыз көп еңбек сіңірген. ИКҰ – Ислам елдерінің саяси-экономикалық, мәдени-рухани және білім саласында бір-бірімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату үшін құрылған.
Бұдан басқа діни ұстанымы бір мемлекеттердің сыртқы саясаттағы позициясы мен бірлігін нығайтуды көздейтінін айта кетуіміз керек. Жалпы бұл ұйымның ғаламдық геосаяси жүйеде өз орны бар.Қазір Ислам конференциясы ұйымына Африка, Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Орта Азия елдерімен қатар Латин Америкасындығы бірқатар елдер мүше. Соңғы уақыттары ұйымның басқарушы халқының біраз бөлігі мұсылман дінін ұстанатын Ресей сияқты елдермен де қарым-қатынас орната бастады. Осылайша ұйымға мүше елдердің саны 57-ге жетіп отыр. Қазақстанның бұл ұйымға мүше болуының өзіндік тиімді тұстары бар. Қазір Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым-қатынасы әлі де болса, тиісті деңгейде емес. Еліміз өзінің тәуелсіздігін алған кезден бастап Ислам әлемімен қарым-қатынасын аса сақтық жағдайда жүргізді. Өйткені АҚШ-пен арадағы саяси тепе-теңдікті ұстауымыз керек болатын. Бірақ Қазақстан мұсылман дінін ұстанатын мемлекет болғандықтан Ислам елдерімен қарым-қатынасымызды өрістетуіміз керек. Бұған Ислам елдерінің арасындағы қайшылықтар кедергі болмауы керек. Діні бір деген сөз – психологиясы, мәдениеті бір деген ұғымды білдіреді. Жалпы діни факторды Қазақстаннан оншалықты байқаМамырмыз. Ал, Араб елдерінде болған адам, діни фактордың мемлекеттік саясатта қаншалықты орын алатынын бірден түсінеді.
Қазір Ислам конференциясы ұйымы Араб елдері арасындағы саяси алауыздықтың түйінін тарқатуға барын салып келеді. Дегенмен бәлендей нәтижеге қол жеткізе алМамыр отырғаны өкінішті. Айталық, Парсы шығанағындағы араб монархтарының Мысыр, Иран, Иракпен қарым-қатынасы нашар. Мұның басты себебі АҚШ пен Батыс елдерінің Парсы шығанағындағы мұнай мен газға деген қызығушылығына барып тіреледі. Егер АҚШ араб монархтарына қолдау көрсетпесе, ондағы саяси жағдай тоқсан градусқа өзгеруі ықтимал. Осы ретте Араб елдерінде оппозиция мен монархиялық билікке қарсы топтардың бар екенін естен шығармауымыз керек. Араб монархтары тақтарын сақтап қалу үшін АҚШ-қа бас июге мәжбүр. Бұл жағдай Ислам конференциясы ұйымының Араб әлеміндегі халықаралық азулы ұйымға айналуына кесірін тигізіп келеді.
Осы ретте ИКҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда.
Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған.
Жалпы, Батыс елдері Араб әлемінің табиғи қазба байлықтарына ғана қызығады. Қазір олар технологиялық жаңғырудың арқасында ғана өмір сүріп келеді. Өйткені Еуропадағы қазба байлықтардың бәрі түгесілген. Сондықтан олар АҚШ-тың қолшоқпарына айналып, Ислам елдерінің технологиялық жаңғыруына жол бермей отыр. АҚШ пен Батыс елдерінің мұндай жымысқы ойын Иранның атом энергетикасын дамытуына барынша тосқауыл қойып отырғанынан байқауға болады. Уранды байытып, одан электр қуатын өндіру үлкен технология мен ғылыми ізденісті талап етеді. Қазір иран халқы осының бәрін өз ақыл-ой еңбегімен қалыптастырып отырғанын ұмытпағанымыз жөн. Олар бұл бағыттағы жұмыстарын дамытуда ешқандай елдің көмегіне сүйенген емес. Иран өзіндегі ірі мұнайдың қорын экспорттау жағынан дүниежүзінде үшінші орында. Егер олар атом энергетикасын дамытса, қомақты көмірсутегін экспорттауын тоқтатуы мүмкін. Бұл өз кезегінде АҚШ-қа тиімсіз. Сондықтан олар Иранның атом энергетикасын дамытуға жол бермеуге тырысып жатыр.
Ғаламдық геосаяси жүйеде ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Батыс елдері ақпарат құралдары арқылы Исламды адамзат дамуына кедергі келтіретін консервативтік дін ретінде көрсетіп жүр. Шын мәнінде Ислам діні ғылым мен ілімнің қамқоршысы. Айталық, Испанияның Кордовасынан Парсы шығанағына дейін аралықта айрықша мәдениет қалыптастырған арабтар көне грек ғұламаларының ақыл-ой еңбектерін сақтап, осы кезеңге жеткізгенін олар еске алғысы келмейді. Бізге грек ғұламаларының еңбектері тек араб тілінде ғана жеткен. Егер Ислам діні ғылым мен өркениеттің дамуына қарсы болса, мұндай мол мұра бүгінгі күнге жетпес еді.
Қазіргі таңда халықаралық ұйымдардың ықпалы төмендеп кетті. Керек десеңіз, бұл тізімді БҰҰ-дан бастауға болады. Мәселен, бір елдің келесі бір елге соғыс ашуы үшін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатын алуы керек. Ал, Ауғанстан мен Ирактағы соғыстар БҰҰ-ның шешімінен тыс жүріп жатқанын бәріміз білеміз. Халықаралық ұйымдардың әлсіреуі жалғыз – Ислам конференциясы ұйымының басындағы жағдай емес. ЕҚЫҰ өзінің басты үш ұстанымы – қауіпсіздік, гуманитарлық, экономикалық бағыттарының басын тең ұстап отырған жоқ. Бүгінде ұйымның гуманитарлық, адам құқығын сақтау мәселелері алдыға шығып кеткені жасырын емес. Осындай қиын кезеңде Қазақстан секілді жас мемлекеттер өздерінің мүддесі сай келетін ұйымдарға мүше болуы керек. Қазақстан 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына мүше болып, Таяу Шығыс мәселесін шешіп тастайды десек, артық айтқандық болар едік. Өз кезегінде Қазақстан өзінің дінаралық келісім іс-тәжірибесін алға тарта отырып, арағайындық жасап, түйінді мәселені шешуге ықпал ететін болады.
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар.
23.01.2010
Мұхит Асанбаев
Ақпарат көзі: «Дала мен Қала» http://dmk.kz/?p=3222