Білімге құштарлық
Білімге құштарлық
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы қарсаңында, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ, «Филология және Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Момбекова Нұрбақыт, «Туризм» мамандығы 1 курс білімгерлерімен тәрбие сағатын өтті.
Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын сонымен қатар еліміздің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын білеміз және де мына білімді, талапты жастарға айтылған өлең шумағы:
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын ұғуға,
Көкірегінде болсын көз, -деген ел жастарына қояр талабы, арманы шын мәнінде жүзеге асып келеді десем артық айтпаған болар едім. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екені анық. Қазіргі таңда білім алуға талпынып жатқан жастардың саны көбейіп келеді. Сол жастардың бірі осы төл университетімізде білім алып жатыр. Өзімнің ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген топ студенттері осының айғағы. Топ студенттері ерекше білімді, өнерлі, әрбір берілген тапсырманы жоғары жауапкершілікпен орындайды. Әрине келешегінен үлкен үміт күттіретін білімге құштар білімгер қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Тәрбие сағатын өткізу барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар дайындап, шығармаларын ағылшын тілінде мүдірмей орындап шықты. Абай мен әжесі Зеренің арасындағы әңгімеден көрініс көрсетті. Соңында «Көзімнің қарасы» әнін топ болып орындады. Тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Қорытындылай келе болашақ жастарымыз Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттырады деп сонымен қатар Абайдың ғұмырының ақырына дейін армандаған арман тілектерін жүзеге асырады деп сенемін.
Нұрбақыт Момбекова,
Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ, «Филология және Әлем тілдері» кафедрасының аға оқытушысы