04
октябрь
2021
Ислам дінінің ұлт бірлігін сақтаудағы маңызы

Дегенмен, біздің бағымызға орай, мұндай үрдіс қазақ қоғамында аса бір қолдауға ие емес. Себебі мемлекетті құраушы бас ұлттың тарихы, мәдениеті және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі ол мемлекеттің болашағының кепілдігі. Бұл жерде ұлтшылдық насихатталып отырған жоқ, мемлекеттің титулды ұлты ретінде қазақ ұлтының орны көрсетіліп отыр. Әлбетте, ұлтшылдықты насихаттау ол қоғамның дамуын тижейді, қоғамдық қатынастар жүйесінің бұзылуына жағдай туғызады. Сондықтанда ұлтшылдықтың қайшы жақтарын ажырата білген жөн.
Өркениеттік дағдарыс дүниежүзі елдерінің көп бөлігін қамтыды. Осы жағдайда демографиялық, құндылықтық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. қатынастары барынша теңдестірілген жүйе ғана өз әрекетін сақтап қалады. Сондықтанда біз келешекте бірлік пен ынтымаққа жүгінген тәуелсіз Қазақстан болып сақталуымыз біздің жүйеміздің барлық салалары үйлестірілген жүйеге сәйкестендірілсе, онда біздің болашақта өркениетті елдер қатарында болатынымызға күмән болмас.
Мемлекетіміздің татулыққа бекінген саясатының нәтижесі біздің қоғамымыздың тыныштықты сақтап, барлық салаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіне жағдай жасалуы осының айғағы. Дегенмен, еліміздің батыс елдерімен жан-жақты байланысы ұлттық құндылықтардың шаншылуына апармау керек. Белгілі түрік жазушысы, әлекументтанушы ғалым З.Көкалып «Батыс жетістігін ендіру ұлттық мәдениет негізінің ерекешелігіне нұсқан келтірмеу керек» - деп жазған болатын. Бұдан біздің алатынымыз да анық көрініп тұр. Халықаралық арендағы өз орнымызды төл мәдениетіміз бен өркениетімізді жаһандықпен етене сіңістірмей, зиян келтірмейтін жолдың жетістігін алуымыз қажет. Міне осы жерден, ұлттық идеологияның мәселесі туады. Ұлттық идеология ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан саяси-әлеуметтік ойы мен руханиятының ұштасар тұсы. ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында көрініс тапқан «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы да Қазақстанның 2050 жылға дейінгі басты стратегиялық дамуының құжаты ұлт бірлігі мен дамуымының кепілі.
Ұлттық идеологияның қалануы мен ұлт бірлігі мен бірлестігін бейбітшілікте сақтауда діннің орны маңызды. Әсіресе қазақ халқының он ғасырдан бергі ұстанып келе жатқан Ислам дінінің ұлттық бірлікті беріктікте сақтауында рөлі ерекше. Мәдени дәстүрлердің ұқсастығы, сонымен қатар этикалық және эстетикалық иделардың көпшілігі ислам құндылықтарымен анықталып, ортақ бір сенім жүйесіне жинады. Қазақстанның халқының көп бөлігі мұсылман болғандықтан, діни ағарту саласы да барынша ағартушылық жұмыстарға бағытталған болу керек. Себебі өз дінін жақын білу ол әрқашан ұлттық бірлікті ұштастырушы бірден-бір фактор болмақ. Тарихи діни құндылыққа қайта келу бірінші ретте қоғамдағы гуманистік мұраттардың бекінуіне әкелетін нәтижелі құбылыс, дегенмен де оның қайшы жақтарын да сараптап, қарама-қайшылықтардың болмауын алдын-алуымыз қажет.
Осы мақсатта іске асырылатын ұлттық идеологияның тетіктерінде ұлтаралық қатынастарды реттеудегі әртүрлі конфессия арасындағы жан-жақты қатынастардың мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келмейтін, әрбір азаматтың барлық құқықтарын сақтай қоғамдағы бірлікті сақтауды қамтамасыз ете аламыз. Батыс сарапшылары келтіретін ашық қоғам айналасында емес, біздің қоғамдық өзіндік қатынастарының негізінде болу керек. Бұл мәселені шешу тек мемлекеттік қызметтің құзыретінде болмау керек, себебі ашық қоғамда мемлекет те, еркін нарық та басымдыққа ие емес. Оның басты қозғаушы күші үкіметпен кәсіпкерлер, мемлекет пен шіркеу, орталық пен орталықтан алыс аймақтар арасына тепе-теңдік орнататын өзіндік нормалар мен құндылықтары арқасында ұйымдар құратын азаматтар. Және әрбір азамат саяси, рухани күш-қуатын өзін басқаша ойлауға, болмысымыздың жасампаз ішкі қайта құрырылуына жұмсағанда ғана біз өзімізге тән ұлттық-діни тұлғалық қасиетімізді сақтай аламыз. Яғни, қазақ үшін мұсылмандық тұлғалық қасиеттер. Бүгін, ертең және келешекте бізді тек Отан ғана біріктіре алады, және бізден басқа ешкімге ұлттық тәуелсіз ел болып өркендеуіміз қажет емес. Сондықтан ислам дінінің ұлт бірлігін сақтауда отансүйгіштіктің әрбір азамат санасында бекініп, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлердің құрметті орынға ие болып, рухани дүниенің мұсылмандықтан алатын үлесі қомақты болмақ.
Мархаббат Нуров