Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы » Казахстанский центр гуманитарно-политической конъюнктуры
Приёмная:
+7(727) 375-77-55
Эксперты:
+7(727) 375-88-18
Версия для
слабовидящих
26
April
2019

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы

Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы азаматтық белсенділікті арттыру, саясат, экономика және гуманитарлық саладағы өзгерістерді ғылыми-зерттеу және эксперттік жұмыстармен қолдау арқылы Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мақсатымен құрылды.
 
Қызмет түрі:
 
1. Ғылыми-зерттеу қызметі: қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша эксперттік баға беруді ұйымдастыру, саяси және әлеуметтік-экономикалық конъюнктура бойынша стратегиялық және оперативті сараптама жүргізу, қоғамдық-саяси және экономикалық процестердің қауіптерін айқындау және оларды болжау. 
2. Консалтинг қызметі: мүдделі заңды және физикалық тұлғаларға ақпараттық-сараптамалық қызмет көрсету, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық құрылымдардың дамуы үшін мақсатты бағдарламалар дайындау. 
3. Қоғамдық-бастамашыл қызмет: гуманитарлық-саяси конъюнктура саласындағы жобалар, концепциялар және бастамаларды дайындау және оларды қолдау, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғалымдар, эксперттер, кәсіпкерлер мен қоғамдық қайраткерлердің жігерін біріктіруге жан-жақты үлес қосу. 
4. Ғылыми-ағарту қызметі: гуманитарлық-саяси білім берудің дамуына жан-жақты атсалысу; Қазақстан дамуының маңызды мәселелерін талқылау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, лекциялар мен басқа да шараларды өткізу; гуманитарлық-саяси бағыттағы кітаптар, кітапшалар, бюллетендер, тематикалық жинақтарды шығару, мақалалар және басқа да материалдарды жариялау. 
5. Қайырымдылық қызметі: гуманитарлық-саяси саладағы жас мамандарға методикалық, ақпараттық және қаржылай қолдау көрсету; қоғамдық маңызы бар зерттеулерді жүргізу үшін ресурстар мен қаражатты тарту мен жинау. 
6. PR-технологиялар: саяси жарнама, әлеуметтік және маркетингтік коммуникациялар саласындағы саяси технологиялар комплексі, соның ішінде мемлекеттік билік, қоғамдық-саяси ұйымдар мен бизнес-құрылымдар мүддесіне сай аймақтық және ұлттық масштабтағы коммуникациялық жобаларды дайындау және іске асыру; дағдарысты жағдай кезінде қоғамдық ұйымдар, БАҚ, экономикалық және мемлекеттік құрылымдармен тиімді өзара қатынас орнатуды ұйымдастыру; имиджді қалыптастыру, қоғаммен ішкі корпоративті байланысты нығайту, сайлауалды процесінің толық пакетін дайындау. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив