ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Саясаттанушылардың ХІІ дәстүрлі жазғы мектебі биыл саяси реформаларды басты тақырып ретінде талқылады. Қазақстан саяси зерттеулер қауымдастығы және Саяси-гуманитарлық конъюнктура орталығы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырған төрт күндік іс-шараға шетелдік және отандық кәсіби саясаттанушылар қатысып, маңызды тақырыптарда дәріс оқыды. Еліміздің әр өңірінен арнайы келген және онлайн түрде қатысқан ЖОО оқытушылары мен жас ғалымдар аса құнды материалдармен